Бүгін, 19 наурыз күні білім беру саласындағы кәсіби шеберлікті арттыруға бағытталған “ХХІ ғасырдағы ұлттық сана және білім беру: заманауи педагогтің көзқарасы” тақырыбында VII Педагогикалық оқулар өтті. Бұл іс-шара ұстаздардың тәжірибе алмасуына, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруіне және өзекті педагогикалық мәселелерді талқылауға арналған маңызды алаң болды. Аталған шараға Алматы қаласының ББ “Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының” арнайы шақыртуымен Өрлеу Алматы қаласы бойынша КДИ аға оқытушысы Сандуғаш Комекова әділқазы мүшесі ретінде қатысты.
Іс-шараның негізгі бағыттары:
🔹 Заманауи оқыту әдістері мен технологияларын қолдану;
🔹 STEM-білім беру және зерттеу дағдыларын дамыту;
🔹 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру жолдары;
🔹 Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру.
Оқулар барысында мұғалімдер өз зерттеу жұмыстары мен тәжірибелерін таныстырып, тиімді педагогикалық әдістерді талқылады. Әрбір баяндама білім сапасын арттыруға бағытталған тың идеялармен ерекшеленді.
🔹 Іс-шараның маңызы
Қалалық педагогикалық оқулар – мұғалімдер қауымының кәсіби дамуына серпін беретін маңызды бастама. Бұл алаңда жаңа білім беру трендтері талқыланып, болашақта қолдануға болатын үздік тәжірибелер ұсынылды.
✨ Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған осындай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдеміз.






