Қалалық семинар «Практикалық сауаттылықты дамытудағы интерактивті технологиялар»

2024 жылдың 15 сәуірінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ» филиалы, Шымкент қаласындағы «Низамхан» атындағы жалпы орта білім беретін мектеп базасында бірлескен «Практикалық сауаттылықты дамытудағы интерактивті технологиялар» тақырыбында қалалық семинар өткізді. Семинардың мақсаты: Интерактивті оқыту әдістері арқылы педагогтердің функционалдық сауаттылығын қалыптастыру Іс-шараны «Низамхан» атындағы ЖББМ директоры Ю.С.Корбан мен «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ» филиалының директоры Л.Т.Искакова ашты. Семинарда филиал қызметкерлері: Г.Рахимжанова, Ж.Райымқұлова, Г.Орынбасарова, Г.Батькаева, Г.Садыкова, А.Танирбергенова оқушылардың практикалық сауаттылығын қалыптастыру бағытында шебер-сыныптар өткізді. Семинарға 100-ден астам педагог қатысты. Семинарда «Низамхан» мектебінің мұғалімдері: ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Суркова О.В. «Mfrkets around the world», орыс тілі пәнінің мұғалімі Вакулина Н.В. «В мире созвездий» Местоимение. Правописание Не с отрицательными местоимениями», қазақ тілі пәнінің мұғалімі Тастахова Ж.М. «Д.Исабековтың «Әпке» драмасындағы құндылықтар» сабақтың мақсаты: шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыдан салыстырып, жаңашылдығына баға беру. Оқушылар сабақта жаңа цифрлық технологияларды wordwall, learningapps.net educoplay, бағдарламасын пайдаланып тапсырмалар орындады. Emaze.com бағдарламасымен 3d презентациямен танысып virbo жасанды интеллект бағдарламасымен видео көрсетілді, математика пәні мұғалімі Булекбаева Г.А. «Қымбат, арзан», бастауыш сынып мұғалімі Баталова Е.Г. «Решение простых и составных задач», қазақ тілі пәнінің мұғалімі Байгонова А. «Қарсы мәндес сын есімдер» тақырыптарында өздерінің үздік тәжірибелерімен бөлісті. Практикалық бөлігінде қатысушылар оқытудағы қиындық аясынан шығу амалдарын белсенді талқылады. Іс-шара мұғалімдердің кәсіби қарым-қатынасқа деген қажеттілігінің қаншалықты зор екенін көрсетті. Кәсіби қарым-қатынастың бұл форматы мұғалімдерге өз әріптестерінен ғылыми және әдістемелік көмек алуға, кәсіби байланыстарды кеңейтуге және білім беру жүйесіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. Семинар қорытындысында педагогтер көрсетілген жұмыстар деңгейін жоғары бағалап, іс-шараның құндылығын ерекше атап өтті. Семинарда үздік тәжірибелерімен бөліскен мектеп мұғалімдері «Өрлеу-Шымкент» тарапынан мақтау қағаздарымен марапатталды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар