Ағымдағы жылдың 24-қаңтар күні Алматы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы мен Өрлеу Республикалық кәсіби даму институты бірлесіп «Цифрлық сауаттылықты дамыту: цифрлы қоғам, цифрлы оқыту, цифрлы педагог» тақырыбында қалалық семинар өткізді.
Семинарға қалалық әдістемелік орталықтың әдіскерлері мен РКДИ оқытушылары, орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен Абылай хан атындағы Қазақ ХҚжӘТ университетінің магистранттар қатысты.
Өрлеу РКДИ аға оқытушысы Есентаева Айжан Идрисовна семинар модераторы болды.
Семинар жұмысы Өрлеу РКДИ «Менеджмент және инклюзивті білім беру» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д. Мухамбетжанова Сауле Талапеденовнаның «Цифрлы педагог: мазмұны және бағалау тетіктері» баяндамасымен басталды.
Семинар қатысушылары секицяларға бөлініп, төмендегі бағыттар бойынша жұмыстар жасады:
Ғылыми-зерттеу сабағы: «Білім берудегі STEM»;
Шебер-сынып: «Электрондық платформаларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру», «Білім берудегі СМАРТ технологиялар»;
Презентация: «Жаңа технологиялар мен оқыту әдістемесі», «Кеңейтілген шындық»;
Коучинг: «Цифрлы педагог»;
Практикалық тәжірибе: «Робототехника, робот жарыстары»;
«Цифрлы дәуір сабағы: биология пәнінде»;
«Интеллектуалды ойын: Көңілді информатика»;
«Заманауи мұғалімге пайдалы оқу платформалары»;
Іс-шара соңында жылдам дебат өтті «Жасанды интеллект: мүмкіндігі мен қатері». Қатысушылар өз ойларын айтып, семинардан барысында тәжірибеде пайдаланатын көптеген цифрлық ресурстар мен ақпараттар алғандарын атап өтті.









