20 наурызда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты филиалының кафедра меңгерушісі Хабат М. «Формативті бағалау: жоспарлау, қолдану, нәтижелерді талдау және кері байланыс беру» тақырыбына қалалық семинар өткізді.
Семинар барысында қатысушылар бағалаудың түрлерін (теориялық, жиынтық, қалыптастырушы) және формативті бағалаудың білім сапасына тигізетін оң әсерін анықтап, формативті бағалаудың тиімді тәсілдерін, стратегияларын қарастырды. Жиын барысында педагогтер топтық және жеке жұмыстар орындап жиі кездесетін мәселерді талқылап, сұрақтарына жауап алды.
Семинардан күтілетін нәтиже:
1. Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады
2. Оқушы өзін -өзі дұрыс бағалауды үйренеді.
3. Мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнайды.
4.Оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді.
5. Өзінің білім нәтижесін болжау және жетістіктерді түсіну үшін бағалау критерийлерін біледі және түсінеді.
6.Оқу нәтижесін дәлелдеу үшін білім алудың бірнеше түрлерін қолданып әр түрлі ойшылдардың әрекеттерін және қабілеттіліктерін қолданады.
7.Рефлексияда қатысу, өзін және өзінің сыныптастарын бағалай алады.
8.Нақты мәселелерді шешу үшін, әр түрлі көз қарастарды білдіруде және сыни ойлауда білімдерін қолданады.
Жиын соныңда ұстаздар өткен семинардың сапалы әрі пайдалы болғанын айтып, алғыстарын білдірді.

- 20 Мар
- 2023