Қалаусыз мінез-құлықты түзетудің тиімді әдістерін үйрету бойынша семинар

Қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі – аутистік спектрдің ауытқулары бар балалардың көбейуі. Бұл көкейкесті мәселе тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем бойынша орын алуда.
Бүгінгі таңда Павлодар қаласы бойынша аутист балалармен үлкен, әрі күрделі жұмысты Болат Өтемұратов Қорының «Асыл Мирас» аутизм орталығы табысты жұмыс істеуде. Аз уақыт ішінде өз ісінің шебер мамандары үй жағдайындағы әсем, әрі жылы ортада өз мейірімдерін төгіп, жылы жүздерімен аутистік спектрдің ауытқулары бар балаларды әлеуметтік ортаға, адамдармен қарым-қатынас жасауға үйретуде.

24 ақпанда Павлодардағы «Асыл Мирас» аутизм орталығы «Аутистік спектрдің ауытқулары бар балаларды түзету мен дамытудың заманауи тәсілдері» тақырыбындағы тәжірибеге бағытталған семинар өткізілді. Оған «Өрлеу»-Павлодар әдіскерлері О.Заречная, Л.Подобинская, Д.Касенбекова қатысты.

Іс-шара 40-қа жуық облысымыздың коррекциондық кабинеттерінің мамандары үшін ұйымдастырылды.
Семинардың теориялық бөлімі «Коррекция нежелательного поведения с помощью АВА», «МСРР программа для предотвращения кризисных ситуаций маркус аутизм центра» тақырыптарында өрбітілсе, семинардың практикалық бөлімі аутистік спектрдің ауытқулары бар балалардың агрессиялық мінез-қылықтарын алдын алу, балалардың өз өмірлеріне зиян келмейтіндей, оларға көмек көрсету тәсілдері мен жаттығулар барлық семинарға қатысушылардың қатысуымен іске асырылды.

Мұндай форматтағы семинарлар балалармен қарым-қатынас саласындағы барлық мамандарға үлкен септігін тигізуде.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар