Қала мектептерінің мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті

24 наурызда «Өрлеу» Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институтының тренерлері «Әдістемелік орталық» әдіскерлерімен бірігіп № 50 Райымбек батыр атындағы Қазғарыш мектебінде қалалық семинар өткізді.

Семинарға елорда мектептерінің екі жүзге жуық директорларының орынбасарлары және мұғалімдері қатысты. Жиын барысында жаратылыстану және гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі М.Хабат «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары 9-қосымшасы «Сабақтарды бақылау парағы» тақырыбын тәжірибелік тұрғыда талқылады. Орыс тобына аға оқытушы Боранбаева Л.К. ал, қазақ тобына Ғалымжанова Ф.Б. «Бағалау жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбына сөз сөйледі.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар