Қарашаның 2-жұлдызында Павлодар қаласының №39 мектеп базасында шаһарымыздың ұстаздарына арналған «Қалыптастырушы бағалау: мәселелер және шешу жолдары» атты қалалық әдістемелік workshop өтті. Оны қалалық білім беру бөлімі ұйымдастырды.
Алты секцияда өткен практикасы басым іс-шарада өз білімдері мен жинаған тәжірибесімен Өрлеудің А.Ахметниязова, О. Заречная, Ө.Ертісхан және Л.Руколеева сынды білікті мамандары бөлісті.
Бастауыш сынып жетекшілерінің секциясында қатысушылармен Л.Руколеева жұмыс жасады. Олармен бастауыш сынып оқушыларын өз оқуының табыстылығын өзін-өзі бағалау жөніндегі қызметке қосу үшін формативті бағалауды тиімді пайдалану мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, оқу сауаттылығы білім беру жүйесінің табыстылығының орталық көрсеткіші ретінде неліктен танылғаны, төртінші сыныпты аяқтайтын балалардың оқу сауаттылығы неге маңызды екендігі, кез-келген пән бойынша формативті бағалау үшін тапсырмалар құру алгоритмі қандай екендігі туралы сұрақтарды ортаға салынды.
Ө.Ертісханқызы болған секцияда қазақ және орыс тілді мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері бірлесіп жұмыс жасап, топтық, жұптық талқылаудың нәтижесінде қалдыптастырушы бағалауға арналған тапсырма құрудағы дескриптордың орнын нақты анықтап, дескриптор арқылы оқушының жұмысына кері байланыс беруді, сабақтың үстіндегі қалыптастырушы бағалаудың ұтымды қолданып, іске асырудың негіздемесімен танысып, өз білім қоржындарын толтырды.
Орыс тілі мен әдебиеті секциясында А.Ахметниязова мұғалімнің сабақта формативті бағалауды ұйымдастырудағы қадамдық әрекеттері жайындағы тақырыпты қозғады. Ал математика мен информатика пәні ұстаздарымен О. Заречная жұмыс атқарды. Павлодар қаласы мұғалімдерінің формативті бағалау мәселелерін талқылау бойынша белсенді бірлескен қызмет ұйымдастырылды. Өз тәжірибелерін талдай отырып, олар информатика сабақтарында формативті бағалауды қолданудың SWOT талдауын жасады.

- 04 Ноя
- 2022