Қаржылық сауаттылық жобасы: Ұлттық Банктің тағы 55 маманы сертификат алды

Елімізде мұғалімдер мен оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған ауқымды жоба жалғасуда. Екі күндік оқыту барысында ҚР Ұлттық Банкінің 55 аймақтық қызметкері заманауи әдістемелерді меңгеріп, сертификатқа ие болды. Осылайша, Ұлттық Банктің 100 маманы педагогтерді оқытуға дайын кәсіби тренерлер құрамын толықтырады.

Жоба кезең-кезеңімен жалғасады. Қыркүйектен мектеп пен колледждерде «Жаһандық құзыреттілік» пәнін оқытатын 6 мыңға жуық педагог бес күндік курстан өтеді. 2026 жылы тағы 4 мыңға жуық мұғалім қамтылады. Бұл бастама қаржылық мәдениетті білім беру жүйесіне жүйелі түрде енгізіп, оқушылардың қаржыны тиімді басқару дағдыларын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар