«Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы сәтті аяқталды

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен ҚР Ұлттық банкінің бірлескен бағдарламасы аясында биыл жоспарланған «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы сәтті аяқталды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес педагогтер мен білім алушылардың қаржылық сауаттылығын нығайтуға бағытталған кешенді жобаға облыс бойынша 286 педагог қатысып, біліктілігін арттырды.

Оқу бағдарламасы қаржы және білім беру саласындағы халықаралық сарапшылардың ұсынымдары негізінде әзірленген. Курс барысында тыңдаушылар отбасылық бюджетті жоспарлау, инвестиция, цифрлық активтерді басқару, несие және зейнетақы жүйесін түсіну сияқты дағдыларды меңгерді. Сондай-ақ, интернет алаяқтарды ажырату, жеке деректерді қорғау жолдарын үйренді.

Бағдарлама мектеп пен колледждерде «Жаһандық құзыреттілік» пәнін оқытатын педагогтерге арналған. Курстан өткен мұғалімдер алған білімін оқу үдерісінде қолдана отырып, білім алушылардың қаржылық сауаттылығын дамытуға ықпал етуде.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар