«Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы жалғасуда

9 ақпан күні Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының бірлескен жобасы аясында «Қаржылық сауаттылық негіздері» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсының екінші легі басталды.

Аталған жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын іске асыру мақсатында ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Ұлттық банкі және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы арасында жасалған үшжақты келісім негізінде жүзеге асырылуда.

Бес күнге жоспарланған курс барысында педагогтер жеке және отбасылық қаржыны сауатты басқару жолдарымен танысып, бюджетті тиімді жоспарлау, инфляция мен инвестицияның ерекшеліктері, сондай-ақ қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша білімдерін толықтырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар