Қасым-Жомарт Кемелұлы Сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Республикалық қоғамдық штабқа (РҚШ) барып, үгіт-насихат және талдау орталықтарының, кандидаттың қоғамдық қабылдау бөлмесінің, медиа-штабтың, сенімді өкілдердің жұмысын үйлестіру орталығының, байқаушылар штабының, жастар алаңының жұмысымен танысты. Республикалық және өңірлік қоғамдық штабтардың жұмысы туралы ақпаратты тыңдаған Қасым-Жомарт Тоқаев сенім білдірушілерге алғыс айтып, өзінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Атап айтсақ, «Қолжетімді және сапалы білім» бағытына бөлек тоқталды. Оқушылар қай жерде тұратынына қарамастан (шалғайдағы елді-мекендер мен халқы тығыз орналасқан қалаларда болсын) сапалы білім алуға тең құқылы. Сондықтан, цифрлық технологияларға және дамыған білім беру инфрақұрылымына бірдей қол жеткізуді қамтамсыз ету, өскелең ұрпақтың білім алуына барынша қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, орта білім беру сапасын арттыру үшін робототехника, химия, биология, физика пәндері бойынша кемінде 7 мыңнан астам заманауи мектеп кабинеттерін ашу, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан оқушыларға компьютерлер тегін жалға берілетіндігі айтылды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы сайлауалды бағдарламасында өскелең ұрпақтың тәрбиесіне мемлекет инвестиция салатыны туралы баяндады. Әрине, бұл Әділетті Қазақстан құрудың негізі іргетасы – білім құндылықтары болып табылатындығын жақсы түсінетін білім саласына айтарлықтай қолдау екені анық.

П.Асылбек,

«Өрлеу» Алматы

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар