Бүгін Астана қаласында өткен республикалық мұғалімдер съезіне ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Өз сөзінде ол білім беру бағыты бойынша болып жатқан және болатын өзгерістер жайында сөз қозғады.
Атап айтқанда:
• мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға және беделін арттыруға мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп жатқанына (ұстаздар жалақысы 100 пайызға, студенттердің стипендиясы 2,5 есеге артуы, мұғалім мамандығын таңдаған жастарға қойылатын талаптардың күшеюі);
• ұстаздардың біліктілігін арттыру қажет екеніне (Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық мамандықтарға қатысты бағдарламаларға заманауи тәсілдер мен технологияны енгізе отырып, оқу бағдарламаларын қайта қарау, жаңғырту қажет);
• балалардың уақыт талабына сай озық білім алуына («Өмір бойы оқы және үйрен» деген қағида басуы керек);
• мектептегі орын тапшылығына (елімізде «Жайлы мектеп» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Екі жылдың ішінде барлық аймақта, соның ішінде ауылдық жерлерде жүздеген білім ордасы салынады);
• ектепті ең қауіпсіз орынға айналдыру қажеттілігіне;
• қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасының теңсіздігін жою ( үш жылдың ішінде кем дегенде бір мың ауыл мектебін керек-жарақпен толық жабдықтау қажет);
• білім беру үдерісін цифрландыру қарқынын жеделдету қажеттілігіне ерекше назар аударды.
Атқарылып жатқан іс-шаралар саны аз емес, атқарыларымыз әлі де көп, дегенмен, мақсатымыз бір болғандықтан алар асуымыз бен орындалған міндетіміз көп болсын.