🏛️ Алматы облысында «Қасым хан және Қазақ хандығы мемлекеттілігі сабақтастығы және тарихи мұра» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференции өтті.
🔍 Шараға аймақтың тарихшы ғалымдары, білім беру саласының өкілдері мен жас зерттеушілер қатысты.
📜 Конференция аясында Қазақ хандығының мемлекеттілік дәстүрі, Қасым хан тұсындағы саяси-экономикалық дамуы және тарихи мұраның қазіргі ұрпаққа сабақтастығы кеңінен талқыланды.
🗺️ Конференцияға Өрлеу Алматы қаласы бойынша КДИ аға оқытушысы Гүлжанат Байболова қатысып “Қазақ хандығы туралы карталар, тарихты оқытудағы картаның ролі” тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Қазақ хандығы кезеңіне қатысты тарихи карталардың деректік маңызын және оларды оқу үдерісінде тиімді пайдалану жолдарын ұсынды. Баяндамада карталардың оқушыларға тарихи оқиғаларды кеңістікте түсіндіруге, саяси жағдайды бағалауға және тарихи фактілерді көзбен көріп қабылдауға ықпал ететін ерекше құрал екенін атап өтті.
📌 Қатысушылар Қазақ хандығының тарихи мұрасын зерттеу мен дәріптеу бойынша өзара тәжірибе алмасып, жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттау мәселелерін талқылады.
📚 Бұл Қазақ хандығының тарихи мұрасын зерттеуге және оны келесі ұрпаққа жеткізуге бағытталған, жастардың тарихи санасын қалыптастыру және патриотық тәрбие беруде маңызы зор іс-шара болды. Қазақ хандығының тарихын тереңірек зерттеуге, түсінуге және оны халықтың ұлттық санасында нығайтуға үлкен үлес қосты.
