2024 жылғы 5 ақпанда «943 – елдегі мақсатты мектептерді дамыту» республикалық жобасы аясында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы – Қостанай облысы бойынша Рудный қалалық білім бөлімі мен бірлесіп және Рудный қаласы білім бөлімінің «№1 жалпы білім беретін мектептің үздік тәжірибесі мен бөлісі отырып, мақсатты мектептердің педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету аясында «Оқу пәндері сабақтарында сараланған оқыту арқылы жеке білім беру траекториясын құру» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарға қатысушыларға «Өрлеу» Қостанай филиалының аға оқытушысы Лаула Жаналина құттықтау сөз сөйлеп, сараланған оқытудың маңыздылығын және озық педагогикалық тәжірибе мен алмасудың өз қажеттілігін атап өтті. Іс-шара барысында педагогтер жеке білім беру траекториясының (ЖБТ) негізгі қағидаттарын, оның құрылымы мен тәжірибелік қолданылуын зерттеді. Ағылшын тілі, әдебиеттік оқу, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сараланған оқыту әдістері талқыланды. Әсіресе, жобалық қызмет пен геймификация әдістерінің жекелендірілген оқытудағы рөліне ерекше көңіл бөлінді. Семинар тәжірибе алмасу мен өзекті педагогикалық тәсілдерді талқылау алаңына айналды.