Қобда ауданында бүгін тамыз кеңесінің пленарлық отырысы өтті

Тамыз кеңесіне аудан әкімі Б. Кулов, «Өрлеу» БАҰО” Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институты, жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының әдіскері, э.ғ.м., тренері – Ермекбаева Л.Ж.,.«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының бөлім басшысы – Бисекова А.Ж., мектеп, мектепке дейінгі, қосымша білім беру ұйым директорлары, аудан педагогтары, ардагер ұстаздар, жас мамандар қатысты.
Тамыз кеңесінде білім бөлімінің басшысы Н.Айжарыков аудандағы білім беру ұйымдары мен педагог мәртебесі туралы баяндама жасап, жаңа оқу жылындағы жаңалықтармен бөлісті.
Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша Үздік мектептер, педагогтар марапатталды. Ақтөбе Өрлеу институты Қобда ауданы білім бөлімі басшысы мен мамандарына ынтымақтастық үшін алғыс білдіре отырып, басталған оқу жылымен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейді!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар