Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің білім беру саясатын жүзеге асырудың тиімділігін жоғары деңгейге көтеру үшін 2023 жылғы Жолдауында сала қызметкерлеріне нақты тапсырма бергені баршамызға белгілі.Осыған байланысты ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тарапынан «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық жобасы әзірленді.
Осыған байланысты әдіскерлердің кәсіби құзыретін, әлеуетін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. «Өрлеу» БАҰО» АҚ өз тарапынан ауқымды жұмыстар атқаруда. Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап өңірдегі облыстық оқу-әдістемелік орталық пен аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттердің әдіскерлеріне арналған «Әдістемелік қызметті трансформациялау» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды.
Басты мақсат – білім беру сапасын арттыру үшін нысаналы мектептерге әдістемелік қолдау көрсету.
Бүгін Оралдағы Назарбаев зияткерлік базасында бастауыш сынып мұғалімдері базалық деңгейлі онлайн курстардың қорытынды тестілеуінен өтуде.
Бірінші лек бойынша -95 педагог, екінші лекте – 83; үшінші лек бойынша -95 педагог қорытынды тесттен өтті.Қорытынды балдан өткен педагогтерімізді құттықтаймыз!




