Бүгінгі таңда білім саласында педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға және білім саласында жаңа идеяны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әдістемелік кеңістік құру зор маңызға ие.
Жобаның басты мақсаты – білім беру ұйымдарының жұмысын жандандыру арқылы білім алушылардың білім сапасын, үлгерім деңгейін арттыру және педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету.
Педагогтің жеке кәсіби құзыреттілігін дамыту және педагогтердің пәндік білімдерін жетілдіру жұмыстарында әдістемелік қолдау, сүйемелдеу жасау үшін Оралдағы «Өрлеу» де өз тарапынан ауқымды жұмыстар жүргізуде.
Осыған орай мақсатты мектеп педагогтерін оқытудың кешенді шаралары аясында нәтижесі қорытынды тестілеумен аяқталатын «Базалық деңгей» біліктілікті арттыру курсы сапалы ұйымдастырылып, толық аяқталды.
Айта кетейік, алғашқы қорытынды тест 12 қазан күні ұйымдастырылған болатын.
19 қазан күні Назарбаев Зияткерлік мектеп базасында облыс педагогтерінің екінші кезегі тестілеуден өтті.
Бірінші лек бойынша 92, екінші лекте 98, үшінші лек бойынша 41 педагог тест тапсырып шықты. Облыс педагогтері аталмыш шараға белсенді атсалысуда. Барлық пән мұғалімдеріне сәттілік тілейміз!





