Қостанай облысында екі жаңа жайлы мектеп ашылды

2025 жылдың 15 қаңтарында Қостанай облысының орталығында мемлекеттік тілде оқытатын екі жаңа жайлы мектептің салтанатты ашылуы өтті.

Облыс әкімі Кумар Ақсақаловтың қатысуымен «Береке» шағын ауданында 1200 орындық мектеп, ал «Аэропорт» шағын ауданында 900 орындық мектеп ашылды.

Қостанай қаласы білім бөліміне қарасты №31 және №32 жалпы білім беретін мектептері ұлттық жоба аясында салынып, республикалық бюджеттен 14 млрд теңге бөлінді.

«Біздің облыс пәндік олимпиадалар мен PISA көрсеткіштері бойынша республикада көшбасшы орындарды иеленіп келеді. Бұл деңгейде жұмысты жалғастыруымыз қажет. Мектептерде оқушылардың жан-жақты дамуы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Әр оқушы өз потенциалын толық аша алады деп үміттенеміз», – деп атап өтті облыс әкімі Кумар Ақсақалов.
Мектептерде кіші, орта және жоғары сыныптарға арналған бөлек блоктар соңғы әлемдік трендтерге сәйкес жабдықталған. Оқу кабинеттері компьютерлік техникамен, интерактивті тақталармен жабдықталған, ал шет тілдері кабинеттері лингафондық жүйелермен қамтамасыз етілген. Оқушылардың зерттеу мәдениетін дамыту үшін химия, биология, физика, информатика, робототехника пәндік кабинеттері мен STEAM-зертханалар жұмысқа дайын.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар