Қостанай облысы аясында “Өрлеу” БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша кәсіби даму институты жайлы мектептерге арналған “Біртұстас команда – жайлы мектеп” семинар-тренингін Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының Қостанай ауданы білім бөлімінің 1 Заречный жалпы білім беретін мектебі мен Арқалық қаласы білім бөлімінің 7 жалпы білім беретін мектебінің педагогтеріне өткізді.
Жалпы мақсаты – жайлы мектептердің педагогикалық ұжымына ұйымшылдықты, бір-біріне деген сенімділікті және оқу үдерісінің сапасын арттыру үшін топ құру қағидаттарын енгізу болып табылады. Семинар-тренинг бағдарламасында берілген “Командалық рөлдер”, “Пазл”, “Қазына аралы”, “Қағаз мұнарасы”, “Командалық лабиринт” т.б. тренингтері жайлы мектептің бірлескен табысты жұмыстарын ұйымшылдықпен қалыптастыруды көздейді.
Семинар-тренингті тренерлер Г.Жусупова, А.Мускина, А.Кожаниязова жоғары деңгейде өткізді. Біздің жетістігіміз әр жайлы мектеп педагогтерін қолдау және кәсіби дамуларына әдістемелік көмек көрсету. Бірлік – теңдессіз жетістік!

- 05 Янв
- 2025