«Өрлеу» БАҰО АҚ» филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты облыстағы қосымша білім беру ұйымдарының педагогтерімен «Педагог» кәсіби стандартының жобасын талқылады. Талқылауға аудандық, Тараз қалалық қосымша білім мекемелерінің педагогтері ZOOM платформасында және офлайн режимінде қатысты. Қосымша білім беру қызметкерлері тарапынан «Педагог» кәсіби стандарты жобасының 1.6 кәсіптер карточкасына «Қосымша білім беру оқытушысы» түсінігін ашып жазу ұсынылды. Мысалы: «Қосымша білім беру оқытушысы (педагог ұйымдастырушы, көркемдік жетекші, мәдени ұйымдастырушы және т.б.)». Құрметті әріптестер! Жобаны талқылауда белсенділік танытып, өз ұсыныстарыңызды білдіруге шақырамыз.



