«Өрлеу» БАҰО» АҚ кәсіби даму институты Жамбыл облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Абилова Айгуль Тараз қаласындағы №6 орта мектепте «Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сабақтарда жоғары сынып оқушыларының өз бетінше қызметін ұйымдастыру арқылы оқу-танымдық құзыретін дамыту» тақырыбындағы қалалық семинар-практикумға қатысты. Абилова Айгуль «Инклюзивті білім беру жағдайында жалпы білім беретін мектептерде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру» тақырыбында шеберлік сыныбын өтті. Семинар барысында мектеп педагогтері ағылшын тілі, тарих, қазақ және орыс тілдері пәндерінен жоғары сыныптарда ашық сабақтар көрсетті.
Фарида Кулен, ӘжПИ кафедрасының аға оқытушысы