“Өрлеу” БАҰО АҚ Ақтөбе филиалы, №11 орта мектеп -гимназиясы және №22 орта мектептің бірігуімен “Қоғамдық сананы жаңғыртуда қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда халықтық педагогиканың рөлі” тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинар 3 бөлімнен тұрды.
І теориялық бөлімде алғы сөзді “Жалпы білім беретін №11 орта мектеп-гимназиясының “КММ директоры Г.К. Избасканова ” Қазақстандық мектептердегі этнопедагогикалық тәрбиенің екрекшеліктері” ,” Өрлеу” БАҰО АҚ Ақтөбе филиалының аға оқытушысы , тарих магистрі Л.Л. Отарбаева “Қоғамдық сананы жаңғыртуда қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда халықтық педагогиканың рөлі “, №11 орта мектеп-гимназиясының тарих және құқық пәні мұғалімі З.Ж.Ақдаулетова “Жеке тұлғаның ғылыми-педагогикалық көзқарасының қалыптасуына қазақ ойшылдарының ықпалы” тақырыптарында баяндамалар жасалды.
ІІ “Халықтық педагогика ұлттық рухпен ұлттық құндылықтар” тақырыбында практикалық бөлімді “№22 ОМ”КММ тарих пәні мұғалімдері жалғастырды. Шебер класты тарих пәні мұғалімі ,магистр Л.С.Кудайбергенова ашып, тарих пәні мұғалімі Б.М.Бекбосынова қатысушы мұғалімдермен FLO және жобалық әдістерді тиімді пайдалануда шебер -класс өткізді.Тарих пәні мұғалімі А.С.Бекегулова оқушылардың жобалық іс әрекетіндегі этнопедагогиканың рөліне тоқталып, оқушылардың жоба жұмыстарымен таныстырылды.
ІІІ бөлім №11 орта мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімдері А.Б.Сулейменова,А.Ж.Молдахметова,Р.К.Жумагалиеваның ұйымдастыруымен “Земля отцов, земля народа” тақырыбында сыныптан тыс шарамен жалғасып ұлттық құндылықтар, ұлт тұлғаларының асыл сөздерімен аяқталды.
Семинар соңы қатысушылармен арт-терапия жасалып , бала тәрбиесі тал бесіктен бастау алу керек екендігі айтылды. Барлық қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, ризашылықтарын білдірді.Семинар жоғары деңгейде өтті


