“Қоғамдық сананы жаңғырту: қазіргі жағдайы және болашағы” республикалық ғылыми-практикалық конференциясы

Бүгінгі күні қоғамдық сананы жаңғыртудың басты шарттарының бірі – өзінің ұлттық мәдени-генетикалық кодын сақтау, оның негізін патриотизм құрайды. Патриотизм құндылықтармен және моральдық нұсқаулармен үйлесіп, ұлттық идеяға ие болады. Осыған орай, патриотизм мемлекеттің ұлттық стратегиясының бір бөлігі ретінде қарастырылады және оның негіздерінің бірі оқушылардың кішігірім Отанына, туған еліне – Туған жерге деген сүйіспеншілікке негізделген. Туған жерге, оның мәдениетіне, әдет-ғұрпына, дәстүріне деген ерекше көзқарас – патриотизмнің ең маңызды белгісі. Қоғамдық сананы модернизациялау – бұл бүкіл қоғам қамтылуы тиіс жұмыс.

Осы мәселелер «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ базасында 2021 жылдың 31 наурызында онлайн режимінде өткен  «Қоғамдық сананы жаңғырту: жағдайы мен болашағы” атты республикалық ғылыми-практикалық конференция барысында талқыланды.

 Конференция «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ-ның 2018-2022 жылдарға арналған «Туған жер. Туған Ел. Туған Глобал» республикалық жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізілді.

Конференцияға Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының 150-ден астам адамы, оның ішінде ғалымдар, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғылыми қызметкерлері, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, докторанттар, магистрлер, “Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалдарының профессорлық-оқытушылық құрамы, мектепке дейінгі, орта білім беру, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтері  қатысты.

Конференция жұмысы пленарлық және секциялық отырыстар түрінде Zoom-платформасы арқылы өткізілді:

Секция 1. “Рухани жаңғыру” бағдарламасы мен “Туған жер. Туған Ел. Туған Глобал”.

Секция 2. Білім беру ұйымдарында қоғамдық сананы жаңғыртудың тиімді педагогикалық тәсілдері мен әдістері.

Секция 3. Қашықтықтан оқыту жағдайында тұлғаның патриоттық және азаматтық қасиеттерін қалыптастырудың технологиялық мүмкіндіктері.

Іс-шара барысында қатысушылар өздерінің педагогикалық тәжірибелерімен бөлісіп, үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі қоғамдық сананы жаңғырту бойынша бүгінгі күнгі өзекті мәселелерді талқылады, сондай-ақ мәнін, мазмұнын анықтау мен негіздеуден бастап кең ауқымды мәселелерді қарастырды, шалғайдағы өңірлер үшін өте маңызды болып табылатын білім беру ұйымдарында оқушылардың әлеуметтік және функционалдық табысты жеке басының қасиеттерін қалыптастырудың технологиялық мүмкіндіктерін қарастырып, туған өлкенің тарихын зерделеу арқылы білім алушылардың патриотизмін қалыптастыру бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігінің құрылымдық және функционалдық компоненттері талқыланды.

Қоғамдық сананы жаңғыртудың тиімді педагогикалық тәсілдері мен әдістерін қолдануға және білім алушылардың патриотизмінің маңызды белгілерін дамытуға (туған жерге, оның мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген көзқарас) ерекше назар аударылды.

Одан әрі, ынтымақтастық мақсатында, пленарлық отырыстың соңында Новосибирск мемлекеттік педагогикалық университеті мен Ресей Федерациясы Новосибирск қаласының Лаврентьев атындағы №130 лицейімен меморандумға қол қойылды.

Конференцияның пленарлық және секциялық отырыстарында ұсынылған үздік мақалалар жинаққа енгізіліп, “Педагогика жаршысы-Педагогический вестник” республикалық ғылыми-әдістемелік журналында, “Ұстаз Әлемі – Педагогический мир” ақпараттық-педагогикалық газетінде, сондай-ақ “Өрлеу” БАҰО” АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының (http:// www.ipkvko.kz) сайтында жарияланады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар