Қызылордада байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

Бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2022» Республикалық байқауы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен биыл үшінші рет өткізілді.

Биыл байқаудың өңірлік кезеңіне Қызылорда облысынан 22 аталым бойынша 190 педагог қатысты. Оның ішінде, шығармашылық жұмыстары жоғары бағаланған 57 қатысушы өңірлік кезеңнің жүлдегері атанды.

Бүгін «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында байқаудың өңірлік кезеңіне қатысып, жүлделі орындарға ие болған педагогтерді марапаттау рәсімі өтті.

Жүлдегер педагогтерге 1, 2, 3 дәрежелі дипломдар табысталды. Облыс педагогтерінің үздік 15 шығармашылық бейнежұмысы республикалық кезеңге қатысуға жолдама алды.

Әрбір педагогтің ізденісі мен жаңашылдыққа ұмтылысына, кәсіби өсуіне, шеберлігін шыңдауына мүмкіндік берген байқаудың Республикалық кезеңінде қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар