Қызылордада Қазақстан тарихы пәнінен Республикалық олимпиада өтті

Еліміздің білім беру саласында табысты еңбек еткен, саналы ғұмырын ұстаздық пен елдік іске арнаған ардагер-ұстаздарды ұлықтау жұмыстары «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында жолға қойылған.

12 мамыр күні Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы Ақжар ауылында Қазақстан тарихы пәнінен 9-10 сынып оқушылары арасында КСРО Білім беру ісінің үздігі, ұлағатты ұстаз Сәден Нұртаев атындағы Республикалық олимпиада өткізілді.

Республикалық олимпиаданың мақсаты – оқушылардың Қазақстан тарихы пәніне деген интеллектуалды-шығармашылық қабілеттерін айқындау және дамыту, дарынды оқушыларды қолдау, оқушылардың тарих пәнін тереңдетіп оқуына, өткен тарихымызды қастерлеуге, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Биыл бесінші рет өткізілген цифрлық форматтағы білім додасында Қызылорда, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарынан және Шымкент қаласынан 25 жас білімгер өз білімдерін сарапқа салды. Білім бәсекесінің республикалық кезеңі 3 тур бойынша өткізілді. Ұпай қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған қатысушылар жеңімпаз және жүлдегер атанды.

Ұстаз есімі ұлықталған білім бәйгесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, қаржылай сыйақымен марапатталды. Олимпиадаға қатысушылардың барлығына Алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар