«Өрлеу» Қырғызстан педагогтері үшін «Білім беру үдерісіндегі оқытудың инновациялық әдістері» атты халықаралық семинар өткізеді. Педагогикалық делегация өзінің кәсіби дағдыларын арттыру мақсатында Елордаға келді.
Халықаралық әріптестер үшін семинарға қатысу еліміздің педагогтері қолданатын оқытудың жаңа инновациялық әдістерін зерделеу мүмкіндігін береді, ал Өрлеудің дамыған әріптестік желісі басқа білім беру мекемелері мен елдермен жаңа идеяларға, әдістемелерге қол жеткізуге көмектеседі.
Қазақстан оқытудың жаңа әдістерін белсенді енгізіп, оқу бағдарламаларының мазмұнын жаңартуда. Бұл үдеріс көрші елдер педагогтерінің назарын аудартады.
Апталық семинар алаңында білім беру саласындағы үздік мамандар жиналмақ. Бұл Қырғызстан Республикасынан келген педагогтерге өз білімдерін кеңейтуге, оқытудың жаңа тәсілдерін зерделеуге көмектеседі. Қатысушылар Қазақстандағы жаңа білім беру жүйесіне енгізіліп жатқан оқу бағдарламаларының жаңартылған мазмұнымен танысуға бірегей мүмкіндік алады. Қырғызстанның мамандары білім беру саласындағы өз жетістіктерімен бөліп, тәжірибе алмасады, бұл әріптестік қатынастарды нығайтуға көмектеседі.
Халықаралық әріптестер Қазақстан олар үшін заманауи білім беру жүйесіндегі озық тәжірибенің тиімді таратушысына айналғанын атап өтті.