Шағын үзілістен кейін «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы бойынша қысқа мерзімді курстар қайта жалғасуда. 04-29 тамыз аралығындағы курстар бойынша 682 тыңдаушы біліктілігін арттыруда.
Педагогтер біліктілікті арттыру курстары бағдарламасы бойынша заманауи білім беру талаптарына сәйкес кәсіби дағдыларын жетілдіріп, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгереді. Курстар барысында пәндік, әдістемелік, цифрлық сауаттылықты арттыруға ерекше мән беріледі. Сонымен қатар, оқытушылар білім берудегі инновациялық технологияларды қолдану, критериалды бағалау, оқушының тұлғалық дамуын қолдау бағыттары бойынша тәжірибе жинақтайды.


