Бүгін 26 тамыз күні Оралдың «Өрлеуінде» біліктілікті арттыру курстары басталды. Бұл курстар мемлекеттік тапсырысты іске асыру шеңберінде 80 сағаттық қысқа мерзімді курстар.
Мектепке дейінгі ұйым қазақ тілі педагогтеріне арналған курс “Мектепке дейінгі ұйымдардың қазақ тілі педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту», Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері “Мектепке дейінгі ұйымның заттық- кеңістіктік даму ортасын ұйымдастыру”, математика пәні мұғалімдеріне «Математиканы оқыту: қазіргі тенденциялар мен әдістемелер» тақырыптарында басталды. ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекітікен білім беру бағдарламаларына сәйкес басталған курсқа Педагогика және пәндік әдістер кафедрасының тәжірибелі тренерлері Рауан Мулдагалиева, Ақжайық ауданындағы курстарға Гульфия Алипкалиева мен Анаргул Абдрахманова жетекшілік етуде.
Курс тыңдаушылары оқу мақсаттарына сай жобалық іс-әрекеттерін жоспарлайды, оның кезеңдерін анықтап, саралау арқылы шығаршылығын дамытуға бағытталған тапсырмаларды әзірлейді. Курс соңында тыңдаушыларға сертификат табысталады.





