2024 ж. 11 қаңтарда “Өрлеу” БАҰО” АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ аға оқытушылары Р.М. Жуманова , Г.Е. Қуанышбек Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті ұйымдастырған «Қысқы мектеп» жобасы аясында «Саралап оқыту арқылы академиялық үлгерімді арттыру» тақырыбында тренинг жүргізді. Тренинг әртүрлі оқушының ерекшеліктері мен қажеттіліктерін айқындай отырып, қабілетін дамытуға қолайлы жағдайлар мен тапсырмаларды қолдануды түрлендіру мақсатында жүрді. Іс-шара барысында саралаудың түрлері, саралау тәсілдері, оқытуда қолданылатын «Пирамида», «Құм сағат», «Досыңды шақыр» әдістерінің тиімділігі кеңінен түсіндірілді. Университет оқытушылары белсенді қатысып, іс-шара соңында өз пікірлері мен алғыстарын білдірді.

- 11 Янв
- 2024