«Өрлеу» ББЖҚБАРИ аға оқытушысы Жаксылыкова Кенжегул Зарлыханқызы өткізген «Білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайындағы инновациялық менеджмент» біліктілікті арттыру курсы аясында Қарағанды қаласы, Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп интернаты және №1 «Білім-инновация» лицей-интернаты базасында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған кәсіби деңгейді арттыру мақсатында шеберлік сыныптар форматында көшпелі-тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды.
Құндылықтарға негізделген шеберлік сыныптарда білім берудегі менеджмент, корпоративтік мәдениет, құндылықтарға негізделген білім, жас ұстаздар мектебі және оқу-тәрбие үдерісін басқаруда қолданатын тиімді цифрлық платформалар мен сапа құралдары («Trello» қосымшасы, «Edupage» платформасы, «Gallup GliftonStrength34» психометрия тесті) тақырыптарындағы ұйымдастырылған шеберлік сыныптары көпшіліктің көңілінен шықты.
КТС соңында тыңдаушылар мектеп ұжымы жұмыстарына оң бағаларын беріп, ризашылықтарын білдірді.




