2025 жылдың 22 мамыр күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтында жаратылыстану пәндері мұғалімдеріне арналған «Құндылыққа негізделген оқыту: ғылым мен тәрбиенің үйлесімі» тақырыбындағы шебер-сынып өтті. Іс-шараның модераторы — «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы» кафедраның аға оқытушысы Тугелбаева Эльмира Базарбаевна.
Іс-шараның мақсаты – мұғалімдердің химия пәні мазмұнына құндылықтарды кіріктіру құзыреттілігін дамыту, пәндік білім беруді тәрбиелік бағытпен үйлестірудің тиімді жолдарын ұсыну.
Шебер-сынып үш құрылымдық бөлімнен тұрды:
Мотивациялық бөлімде «Білім не үшін беріледі?» атты сұрақ төңірегінде пікір алмасу ұйымдастырылып, білім мен тәрбиенің бірлігін қамтамасыз етудегі мұғалім рөлі сарапқа салынды.
Теориялық бөлімде Тугелбаева Э.Б. «Химия пәнінде құндылықтарға негізделген оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, құндылықтарды оқу мақсаттарымен кіріктірудің нақты мысалдарын ұсынды.
Практикалық бөлімде Шымкент қаласының мектептерінен келген 9 мұғалім өз тәжірибесімен бөлісті. Олар:
1. Копабаева Жанна Нурдиллаевна – «Химия сабақтарында ғылыми білім мен адамгершілік құндылықтарды үйлестіру»
2. Бейсенова Гүлчехра Исмаиловна –«Химиялық білім мазмұнына құндылықтық компоненттерді кіріктіру тәсілдері»
3. Асанбаева Динара Мусаевна – “Химия пәнінде экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатты қорғау құндылықтары”
4. Алматова Джамила Данияровна – “Химия сабақтарында зерттеу әдістерін қолдану арқылы құндылықтарды тәрбиелеу”
5. Оралбекова Калида Турганбаевна – “Жеке және топтық жұмыс арқылы химияда құндылықтарды дамыту әдістемесі”
6. Турдалиева Лаура Бахытовна – “Бағалау критерийлерінде құндылықтарды ескеру және кері байланыс жүргізу әдістері”
7. Беркинбаева Молдир Нурлановна – “Химия пәнінде сыныптан тыс жұмыстар мен жобалар арқылы құндылықтарды насихаттау”
8. Джанмулдаева Гульназ Ауесхановна – “Химия және экология: пәнішілік және пәнаралық интеграцияның мүмкіндіктері”
9. Айтенова Нұргул Ыдырысқызы – “Химия сабағындағы біртұтас тәрбие мен ұлттық құндылықтардың сабақтастығы”
Мұғалімдер өз баяндамаларында нақты оқу мақсаттарына қандай құндылықтарды байланыстыруға болатынын, олардың оқушының тұлғалық дамуына қалай әсер ететінін көрсетті. Сонымен қатар, сыныптағы эмоционалды қолайлы ортаның тәрбиелік рөлін, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды кіріктірудің маңызын негіздеді.