Құнды кітаптар: «Білім беру тәжірибесін жобалау»

Бүгін филиалдың қызметкерлеріне School of Education бағдарламасының негізін салушылардың бірі Соня Смыслованың «Білім беру тәжірибесін жобалау / Проектирование образовательного опыта» кітабының мазмұнын талқылау бойынша семинар өтті.

Филиал тренері Жанар Жубауова семинар барысында қатысушыларды тиімді және ынталандыратын білім беру бағдарламаларын құруға арналған кітаптың негізгі тұжырымдамаларымен таныстырды. Білім алушылардың сыни ойлауын, белсенді қатысуын дамытуға бағытталған оқу тәжірибесін жобалауға жүйелі тәсілдер талқыланды. Кітап мазмұнындағы

– Когнитивті жүктеме теориясы;

– Оқу дизайны (LD);

– Оқу тәжірибесін жобалау (LXD);

– Тәжірибеге бағытталған оқыту;

– Жобалау үдерісіндегі бағдарлама картасы;

– Дағдылар картасы;

– Дэвид Колбтың оқыту моделі;

Блум таксономиясы және Марцано таксономиясы туралы ақпараттардың практикадағы қолданысы мен құндылығы көрсетілді.

Оқыту мақсаттарын қою, жеке өсу үшін жағдай жасау, заманауи әдістер мен технологияларды қолдану, сондай-ақ нәтижелерді бағалау сияқты аспектілерге ерекше назар аударылды. Қатысушыларға осы қағидаттарды өздерінің педагогикалық практикасына енгізу бойынша ұсыныстар берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар