2022 жылдың 14 қазанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалы КДИ «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының ұйымдастыруымен “Разработка заданий для формативного оценивания как мини-исследование” тақырыбы бойынша Ордабасы ауданы «Орыс тілі және әдебиеті» пәні мұғалімдеріне шебер-сынып өткізілді. Іс-шараның мақсаты: формативті бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу кезінде мұғалімдердің зерттеу мәдениетін дамыту. Міндеттері:- формативті бағалау үшін тапсырмаларды әзірлеу процесінде проблемаларды анықтау; – анықталған мәселелерді шешу үшін оқу тапсырмаларын құрастыру процесін зерттеу. Мастер-класс оқушылардың әртүрлі білім беру топтары үшін зерттеу процесі ретінде формативті бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу процедурасын зерттеуге арналған. Оқыту мақсатын талдауға ерекше назар аударылады, оның негізінде бағалау критерийлері жасалады. Тапсырманың өзін құрастыру кезінде мұғалімдерге ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға сараланған көзқарастың маңыздылығы көрсетілді. Іс-шара соңында қатысушылар кері байланыста алған тәжірибелері үшін алғыстарын білдірді.
Рахимжанова Г.К., «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының меңгерушісі.




