Аталған байқау бесінші жыл қатарынан өткізіліп келеді және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауда тиімді тәжірибелерді енгізіп жүрген педагогтерді қолдауға, сондай-ақ инклюзивті білім беру идеяларын дамытуға бағытталған.
Байқау “Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы” КММ бекіткен іс-шаралардың ресми пулына (тізбесіне) кіреді.
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс
Қатысу форматы: жеке
Қатысушылар нақты педагогикалық тәсілдер мен жұмыс әдістерін көрсететін бейнежұмыс ұсынуы қажет.
Бұл — тамаша мүмкіндік:
— өз тәжірибеңізбен бөлісуге
— өзіңізді танытуға
— инклюзивті білім беруді дамытуға үлес қосуға
Байқау ережесімен «СҚО-Өрлеу» сайтындағы сілтеме арқылы таныса аласыз:
https://drive.google.com/drive/folders/1Wh5HRT1rbI8FZml4RZjCrw-Cx9pOPAZ-?usp=drive_link
Сіздердің өтінімдеріңізді күтеміз!

