«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2024» республикалық конкурсына белсенділікпен қатысуға шақырамыз!
Бұл конкурсқа әрбір қазақстандық педагог қатыса алады. «Педагогикалық идеялар панорамасы» – бұл еліміздің барлық өңірлерінің педагогтері инновациялық идеяларды ұсынатын, тәжірибе алмасатын және жаңа практикаларды игеретін сараптамалық алаң.
Конкурстың өңірлік кезеңіне қатысуға өтінімдер https://ppi.orleu-edu.kz сайтында 24 сәуір–15 қазан аралығында қабылданады. Конкурсқа материалдар қабылдау 15 қазанда аяқталатынын естеріңізге саламыз!
Өңірлік және республикалық кезеңдердің барлық қатысушылары және жеңімпаздары сертификаттармен, 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен марапатталады. Конкурстың барлық марапаттау құжаттары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі №72 бұйрығына сәйкес біліктілік санатын тағайындау немесе растау үшін аттестациядан өту кезінде ескеріледі.
Ендеше, тамаша мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар!
