«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2024» республикалық конкурсына өтінім қабылдау 15 қазанда аяқталатынын естеріңізге саламыз! Санаулы күндер қалды, асығыңыз!
Бұл конкурсқа әрбір қазақстандық педагог қатыса алады. «Педагогикалық идеялар панорамасы» – бұл еліміздің барлық өңірлерінің педагогтері инновациялық идеяларды ұсынатын, тәжірибе алмасатын және жаңа практикаларды игеретін сараптамалық алаң.
Конкурстың өңірлік кезеңіне қатысуға өтінімдер https://ppi.orleu-edu.kz сайтында қабылдануда.
Конкурсқа жеке немесе авторлық топпен қатысуға болады (топтағы қатысушылар саны 3 адамнан аспауы керек). Бейнематериалдардың: дәріс, сабақ, практикалық немесе зертханалық жұмыс, семинар, шеберлік сабақ, цифрлық білім беру ресурсы мен бейнеподкаст секілді түрлері қабылданады. Түсірілген материалдарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынуға болады.
Конкурсқа қатысушылардан берілетін бейнематериалдардың саны шектеулі. Бір педагог немесе бір авторлық топ тек бір бағытқа қатысуға өтініш беріп, бір бейнематериалды жібере алады.
Конкурс жұмыстары 7 критерий бойынша бағаланады: бейнересурстың өзектілігі, дәлелділігі, пәнаралық интеграциясы, әдістемелік құндылығы, инновациялылығы, сөйлеу мәдениеті мен шешендік шеберлігі, аудио/бейнеқатар сапасы.
Конкурстың барлық марапаттау құжаттары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 72 бұйрығына сәйкес аттестаттау кезінде біліктілік санатын беру немесе растауда ескеріледі.
Конкурстың өңірлік кезеңіне қатысуға өтінімдер https://ppi.orleu-edu.kz сайтында қабылдануда.
Конкурсқа қатысты сұрақтар бойынша Ұйымдастыру комитетіне хабарласуға болады. Тел: 87056721602; 87055909586.
Құрметті педагогтер! Дәстүрлі конкурсқа белсенділікпен қатысуға шақырамыз!
