Құрметті ұстаздар!

Біз сіздермен жаңа білім беру бастамалары туралы жаңалықтармен бөліскенімізге қуаныштымыз. https://lms.orleu-online.kz платформасында бастауыш және пән мұғалімдеріне арналған базалық оқыту курсы іске қосылды. Бағдарламаның мақсаты: білім алушыларды оқу бағдарламасын меңгеруде қажетті білім мен дағдыларды қамтамасыз ету  үшін негізгі оқу пәндері бойынша пәндік және кәсіптік құзыреттерді жетілдіру.

       Сіз платформада 24/7 режимде ұсынылатын барлық материалдарды өз бетіңізше оқитын боласыз. Сіздің оқу кестеңіз платформада орналастырылған, сондай-ақ курс мазмұны туралы сұрақтарға арналған HelpBot бар. Онда сізді қызықтыратын кез келген техникалық, ұйымдастырушылық және мазмұнға байланысты сұрақтарды қоюға болады. Сонымен қатар сіз жалғыз қалмайсыз: біз сізбен апта сайын тікелей эфирде live-сессиялар өткіземіз және олардың бейне жазбалары да сізге қолжетімді болады.

Қазіргі таңда Қазақстанның түкпір-түкпірінен ұстаздар бұл курста оқуды бастап кетті. Көптеген педагогтерді тестілеу сұрақтары қызықтырады:

1. Диагностикалық тест – алдымен оны тапсыру керек. Ол екі тесттен тұрады – пәндік білімді бағалау (жабық типтегі 25 сұрақ, орындауға 80 минут) және әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды бағалау. Тест нәтижелері оқуға әсер етпейді.

2. Аралық тест оқытылатын модуль мазмұны бойынша 25 жабық сұрақтан тұрады, орындау уақыты 45 минут және өту балы 80%. Сізде 8 сағат аралықпен материалды қарап шығуға үш әрекет болатынына назар аударыңыз. Тек тесттен сәтті өткеннен кейін ғана Сіз келесі модульді оқуға кірісе аласыз.

3. Қорытынды тестілеу де жабық типтегі 25 сұрақтан тұрады, орындау уақыты 80 минут және өту балы 60%. Сізде екі әрекет болатынын ескеріңіз. Қорытынды тест сіздің оқу нәтижелеріңізді бағалауға және келесі курсқа – негізгі деңгейге өтуге мүмкіндік береді.

      Жаңа платформа сіздің кәсіби дамуыңызда сенімді көмекші болатынына сенімдіміз. Кез келген уақытта және кез келген жерде онлайн оқу мүмкіндігі оқу процесін икемді және ыңғайлы етеді. Бағдарламаны меңгеруде сәттілік, шабыт және кәсіби қызметіңізде жаңа жетістіктер тілейміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар