Құсиын Айтқалиұлының педагогикалық мұрасы туралы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағы жарық көрді

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Халық мұғалімі, көрнекті ағартушы, педагог Құсиын Айтқалиұлының туылғанына 95 жыл мерейтойына арналған «Құсиын Айтқалиұлының педагогикалық мұрасы, заманауи білім мәселелері: бүгіні мен болашағы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жинағы жарыққа шыққанын қуана хабарлаймыз.

Бұл жинаққа Құсиын Айтқалиұлының білім беру саласындағы жаңашыл көзқарастары, практикалық ұсыныстары мен педагогикалық ұстанымдары жинақталып, бүгінгі білім кеңістігіне қосқан үлесі көрсетілді. Ұстаздық жолдағы өнегесі мен педагогикалық мұрасы – еліміздің мұғалімдеріне үлгі боларлық құнды еңбек.

Жинаққа еліміздің әр өңірінен қатысқан педагогтердің, білім беру саласы мамандары мен ғалымдарының ғылыми-тәжірибелік мақалалары енгізілді.

Жинақтың мақсаты:
• білім беру саласында тәжірибе алмасу;
• педагогтердің кәсіби дамуына қолдау көрсету;
• ғылыми-практикалық ой-пікірлерді кеңінен насихаттау.

Жинақ білім беру саласындағы тәжірибе алмасуға, педагогтердің кәсіби дамуына және ғылыми-практикалық ой-пікірлерді насихаттауға бағытталған. Ол білім саласының қызметкерлеріне, ЖОО оқытушыларына, білім алушыларға, жас зерттеушілерге және жалпы педагогикалық қауымға арналған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар