«Құстар әлеміне саяхат» ғылыми жоба сайысы өткізілді

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен Н.Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында 1-сәуір – Халықаралық құстар күніне орай «Құстар әлеміне саяхат» тақырыбында аймақтық мектептер арасындағы ғылыми жоба сайысы өткізілді.

Іс-шара мектеп ауласындағы құстар саябағының салтанатты ашылуымен бастау алды. Саябақты «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша кәсіби дамуы инстутының директоры Бауыржан Елеусінов пен «Оrda» колледжінің доценті, дизайнер Аппаз Жүсіпов ашты. Одан кейін мектеп-гимназияның қосымша білім беру бойынша шығармашыл және зерттеушілік әрекеттер негізінде кәсіпкерлікті жетілдіру мақсатында жасалынған оқушылардың көрсетілімі мен ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың шеберлік сыныбы көрсетілді. «STEM» зертханалық кабинетінің «Құстар» тақырыбындағы зерттеу жұмыстары көрініс тапты.

Шараның соңы аймақтық мектептер арасындағы оқушылар арасында «Құстар әлеміне саяхат» тақырыбындағы ғылыми жобалар сайысымен қорытындыланды. Ғылыми жобалар сайысына «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша кәсіби дамуы инстутының әдіскері Ақмарал Ләпбаева, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, биология ғылымдарының кандидаты Алма Берденқұлова қазылық етіп, оқушылар дайындаған жобаларға әділ бағаларын берді. Оқушылар ғылыми жоба арқылы құстарды білуге, тіршілігін зерттеуге, құстарды қорғауға, насихаттауға шақырды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар