Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде дәріс сабақ өтті

18 қаңтар күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетімен меморандум аясында кафедраның аға оқытушысы, магистр Адилханова Марал филология факультеті “Қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығының болашақ педагог мамандарына «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту» тақырыбында дәріс сабақ өткізді.
Дәріс барысында оқу бағдарламасын жаңартудың алғышарттары, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен жаңартылған оқу бағдарламасының басымдықтары, критериалды бағалау жүйесінің құрылымы, ойлау дағдыларының деңгейлері, формативті бағалаудың аспектілері т.б.сұрақтар қарастырылды. Дәріс тақырыбы қатысушылардың шынайы қызығушылығын тудырып, студенттер белсенділік танытты.
Тиімді ынтымақтастық болашақ педагог мамандардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейтеді және студенттердің кәсіби бағдарына тікелей әсер етеді.
«Ақтөбе-Өрлеу» филиалы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры Карабасова Лаура Чапаевнаға ынтымақтастық үшін алғыс айтады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар