Үздіктер Астана төрінде марапатталды

 Биылғы жылы Астана төрінде өткен республикалық “Педагогикалық идеялар панорамасы” байқауының марапаттау рәсімі білім беру саласындағы жаңашылдық пен шығармашылықтың жарқын көрінісіне айналды.  Бұл шара еліміздің педагогтерінің ең үздік идеяларын, тәжірибелерін және әдістемелерін насихаттау мақсатында өткізілді.

Шараға Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек  Жұмашев, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дауенов, «Өрлеу» БАҰО» АҚ басқарма төрағасы Айдана  Шилибекова, филиал директорлары, білім беру ұйымдарының басшылары, білім саласына елеулі үлес қосқан педагогтер қатысты.

“Педагогикалық идеялар панорамасы” – бұл тек байқау ғана емес, білім беру жүйесіндегі инновациялық тәсілдерді насихаттау алаңы болды. Осы алаңда педагогтер 12 бағыт бойынша өздерінің шығармашылық жобаларын ұсынып, тәжірибелерімен бөлісіп, бір-бірінен үйренуге мүмкіндік алады.

Естеріңізге сала кетсек,  байқаудың облыстық кезеңінде  19 педагог 1- орын иеленіп, республикалық байқауға жолдама алған болатын. Сараптама нәтижесінде Батыс Қазақстан облысынан 6 бағыт бойынша 10 педагог топ жарып, республикалық байқаудың жүлдегері атанды. Атап айтсақ:

1.      Хайруллина Зульфия Нурболатовна – Бәйтерек ауданы, Қасым Аманжолов атын ЖОББМ Азаматтық-құқықтық сауаттылық бағыты бойынша  – 3 орын;

2.      Габдрахманова Бибигуль Демеуовна, Насиболла Шынар Ерланқызы- Орал қаласы, №41 мектеп-лицей, Медиа-ақпараттық сауаттылық бағыты бойынша –  2  орын;

3.      Алигазиева Айгүл Калиматовна – №44 «Мерей» бөбекжайы, Ерте сауаттылық  бағыты бойынша – 3 орын;

4.      Хайрова Тогжан Сериковна – М-С. Бабажанов атындағы ЖОББМ, Әлеуметтік-эмоционалды сауаттылық бағыты бойынша  3 орын;

5.      Аймурзиева Данегуль Пазыловна, Ихсанова Назерке Биржановна – Қадыр Мырза Әлі атындағы №47 ЖОББМ, Қаржылық-сауаттылық бағыты бойынша – 3  орын;

6.      Мағзомов Тұрақ Жанболатұлы, Сагаденова Улжанай Маратовна – Орал қаласы, НЗМ, Оқу-сауаттылық бағыты бойынша – 2 орындарды иеленді.

Салтанатты жағдайда өткен марапаттау рәсімінде жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Жеңімпаздар байқаудың маңыздылығын атап өтіп, мұндай шаралардың білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізетінін, жаңа идеяларды жүзеге асыруға ынталандыратынын атап өтті. 

“Педагогикалық идеялар панорамасы” байқауында жүлделі орындарға ие болған әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің табыстарыңыз – білім беру жүйесінің дамуына қосқан үлестеріңіз. Алдағы уақытта да шығармашылық  жетістіктер тілейміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар