Үздік ауданға іс-сапар

Жамбыл-Өрлеу директоры Латипа Сейдахметқызы, үздік оқытушы-тренер Кулен Фарида Жұмабекқызы 2024 жылдың қорытындысы бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының кәсіби біліктілік арттыру курстарына қатысып, курстан кейінгі кезеңде, оқытуда заманауи инновациялық технологияларды білім беру процесінде тиімді қолданып, жетістікке жеткен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөліміне қарасты бірқатар мектептерге арнайы барып, «Мемлекеттің педагогтерді қолдау және қолайлы білім беру ортасын құру үшін қабылданып, жүзеге асырылып отырған бірқатар ұлттық жобалар» шеңберінде 2025 жылда жүзеге асырылуы жопарланып отырған бірқатар іс-шаралар барысы талқыланды.

Кездесу барысында Меркі ауданының педагогтерінің үлкен жетістікке жетуіне ықпал еткен Меркі ауданының білім бөлімінің меңгерушісі Айгерім Алтынбаеваға, аудандық білім бөлімінің математика және физика пәні әдіскері Сақыбай Айбекке «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының алғыс хаттары табысталды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар