Үздік педагогтер-жас әріптестерге!

«Өрлеу»- Ақмола «Жастарға көмек көрсетудегі кәсіпқойлар» жобасы аясында «Үздік педагог» байқауының республикалық кезеңінің жеңімпаздары Нина Сахнова, Атбасар қаласы «Алтын бесік» бөбекжайының әдіскері, қатысушыларға мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызметін дамытудағы квест-технологиясын және Марина Дюбкина, Атбасар қаласы «Еркежан» бөбекжайның  логопеді ЕББҚ бар балалармен жұмыс жасаудың тиімді әдістері ұсынған шеберлік сыныптары өтті.

 Филиал директоры Әлия Иманова құттықтау сөзінде жобаның негізгі кезеңдерін белгілеп және іс-шарада жас педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасауға мүмкіндік беріп қана қоймай, пікір алмасуға, табысты тәжірибелерімен, шығармашылық әзірлемелерімен бөлісуге, педагогикалық тәжірибесін  көрсетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Педагог-тәлімгерлер тәжірибелерімен бөлісіп қана қоймай, педагог мамандығы туралы неғұрлым сындарлы және жағымды түсінік қалыптастыруға көмектесті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар