Өрлеу Республикалық кәсіби даму институтының аға оқытушысы Нарсеитова Фатима Алматы қаласы, №1 оқушылар үйінің ұйымдастыруымен «Үздік тәлімгер» байқауына қазылар алқасының төрайымы ретінде қатысты.
Байқау аясында мектеп мұғалімдері «Мен және менің мамандығым», «Мен өз ісімнің шеберімін», «Мен болашақ ұрпақ тәлімгерімін» бағыттары бойынша үш кезеңнен бәйгеге қатысты. Байқаудың мақсаты «Жас ұлан», «Жас қыран» жасөспірімдер ұйымдарына бағыт-бағдар беріп, жас тәлімгердің кәсіби деңгейін көтеру, тәлімгердің беделін арттыру, шығармашылық қарымын жан-жақты ашуға ықпал ету болып табылды.





