ШҚО бойынша «Өрлеу» директоры Гаухар Жуманова командасымен Абай облысы Семей қаласына іссапармен барып келді.
Филиал басшылығы іссапар барысында Абай облысы білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметкалиев, Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының м.а. Касымбек Акжалов, Абай облысы білім басқармасы “Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы” КММ директоры Айнур Исабаевамен кездесті.
2023 жылға арналған бірлескен жұмыс жоспары, Абай облысы педагогтерінің біліктіліктерін арттыру мәселелері, педагогтерді аттестатциялау мәселелері талқыланды.
Іссапардың тағы бір мақсаты – «Өрлеудің» Абай облысындағы өкілеттік жетекшісі Равия Надильевна Искакованы таныстыру еді.
Өзара іс-әрекеттестікті нығайту мақсатында үшжақты меморандумға қол қойылды.
Сонымен қатар, іссапар аясында Филиал басшылығы Семей қ. Радиотехника колледжіне, Экономикалық лицейге барып, білім мекемелерінің басшыларымен да кездесті.
