«Мектептегі білім сапасын басқару: стратегиядан практиға» тақырыбындағы семинардың үшінші күні Бәйтерек ауданы Б.Момышұлы атындағы ЖОББМ-те жалғасын тапты.
Семинар жұмысын Батыс Қазақстан облысы әдістемелік орталығы директорының орынбасары Сауле Алимбаева жүргізді.
«Сапаны басқару және мектепішілік бақылау», «Мектеп қызметінің сапасын басқару» «Мектепішілік бақылау – міндеттері мен механизмдері» тақырыптарында сессия жұмыстары ұйымдастырылып, Бәйтерек ауданы Б.Момышұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Аймекен Бактыгалиева «Жобалық менеджмент-басқару тренді», Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Зауре Гумарова, Орал қаласы №37 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Алтын Жұмагалиева Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру тәсілдері, бақылаудың құралдары мен рәсімдері» тақырыптарындағы үздік іс-тәжірибелерімен бөлісті.
«Жоба шеңберіндегі әрекеттерді қарастыру, жауапкершілікті бөлу, сапаны арттыру бойынша шаралар әзірлеу» аясында талқылау сессиясында қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын білдірді.
БҚО Білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин семинар жұмысына қатысып, “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” туралы тоқталып, ұстаздарды келе жатқан кәсіби
мерекемен құттықтады.
Үш күнге жалғасқан семинар жұмысын Оралдағы «Өрлеу» филиалының директоры Софья Измуханбетова қорытындылап, қатысушыларға сертификат табыстады.











