«Ұйымшыл команда – жайлы мектеп»

Жамбыл-Өрлеу директоры Ләтипа Сейдахметқызы мен бірқатар қызметкерлер, директордың орынбасары Ш.Тайганбекова, кафедра меңгерушісі С.Қарымбаева, аға оқытушы А.Райымбекқызы, әдіскерлер Н.Цой, Л.Утеулиева 2025 жылдың алғашқы жұмыс күнін Жайлы мектептен бастады. Институт қызметкерлері Тараз қаласындағы №67 орта мектебінде «Ұйымшыл команда – жайлы мектеп» тақырыбында мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдері үшін Командалық білім беру бойынша тренинг ұйымдастырды.

Тренингтің мақсаты-тиімді командалық жұмыс дағдыларын дамыту, команданы біріктіру және командалық рухты қалыптастыру.

Іс-шараға қатысушылардың кәсіби дағдылары мен жеке қасиеттерін дамытуға бағытталған оқытудың қарқынды нысаны.

Тренингтің негізі – қатысушылардың біліктілігін, білімін, мінез-құлық үлгілерін дамыту үшін қолданылатын оқу және практикалық материалдардың, стратегиялар мен әдістердің жиынтығы болып табылады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар