19 қаңтарда Өрлеу-СҚО филиалы Петропавл қаласының «Айгөлек» бөбекжай-бақшасымен бірлесіп мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері үшін «Ұлағатты ұлттық ойындар» атты облыстық семинар өткізді.Семинар «Айгөлек» балабақшасының жеке тұлғаны дамыту үшін жайлы ойын ортасын құру, ұлттық ойындарды білім беру қызметіне енгізу арқылы қазақ халқының мәдени мұрасы мен дәстүрлеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу бойынша бірегей тәжірибесін тарату мақсатында ұйымдастырылды; ауылдық мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету, педагогтердің біліктілігін арттыру және мектепке дейінгі тәрбие сапасын арттыру мақсатын көздеді.
Семинарға Есіл, Қызылжар, Тайынша, Жамбыл аудандарының педагогтері де қатысты. Онлайн режимінде ZOOM платформасы арқылы семинар Шымкент қаласының «Жаңатай ана» балабақшасының педагогтері үшін көрсетілді.
”Бестемше», «Жібек жолы», «Алшы», «Ханталапай» сияқты ойындарынан шеберлік сабақтары өтті.
Қатысушылар қажетті мәліметтерді жазып алып, соңында белсенді сұрақтар қойды. «Бестемше» ойыны ерекше қызығушылық тудырды, онда ойыншылар тастарды бір ұяшықта жұп сан болатындай етіп жинауы керек. Ойынды егжей-тегжейлі білу үшін семинар қатысушылары бұл ойында аздап бәсекеге түсті.
Семинарға қатысушылар жаңа әсерлер алып, ұлттық ойындарының ережелерін біліп, ойын ойнау арқылы шабыттанып, осындай семинарларды өткізу қажеттігін атап өтті!

- 19 Янв
- 2023