Ұлттық жобаға тіркелу жалғасуда

    

Құрметті ұстаздар!

      «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы шеңберінде берілген «943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасын іске асыру үшін, 5 тамыздан бастап LMS платформасында нысаналы мектептердің педагогтері мен сол мектептерге жетекшілік ететін әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлері үшін базалық деңгейдегі онлайн курстарға тіркелу басталғанын хабарлаған болатынбыз! ! Курсқа тіркелу 2024 жылғы 5-9 тамыз аралығында https://bc.orleu-edu.kz сайтында жүргізіледі. Онлайн курсқа тіркелу үшін https://bc.orleu-edu.kz веб-сайтына өтіп,  «Оқуды бастау» батырмасын басып, тіркелу терезесінде 1-5 қадамдарды орындау қажет.

   Облыс бойынша 37 нысаналы мектептің педагогтеріне сындарлы -әдістемелік көмек көрсетілетін болады.

     Облыс бойынша 6 тамыз күні – 764 педагог тіркелсе, бүгін 7 тамыздың көрсеткіші – 1186-ы құрайды. Естеріңізге сала кетсек, 12 тамыздан бастап бастауыш сынып, 19 тамыз күні қоғамдық-гуманитарлық бағыт пәндері педагогтері,  26-27 тамыз күні жаратылыстану-математика пәндері педагогтеріне курстар басталады. 11 пән бойынша базалық деңгейдегі онлайн курстарды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ өткізетін болады.

    Оқу курстары тегін өтетінін хабарлай отырып, педагогтерді курстарға белсенділікпен тіркелуге шақырамыз!

                                     

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар