Ұстаздар үшін керемет жаңалық! Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы: «Бұл дәуір – ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, еңбектің дәуірі. Осы үшеуі салтанат құрған жерде өсу бар. Даму бар», – деген болатын. Президент тапсырмасын орындау мақсатында жауапты ведомство «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық жобасын әзірледі.
«Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы шеңберінде берілген «943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасын іске асыру үшін, 2024 жылғы 5-9 тамыз аралығында LMS платформасында нысаналы мектептердің педагогтері мен сол мектептерге жетекшілік ететін әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлері үшін базалық деңгейдегі онлайн курстарға тіркеу басталғанын қуана хабарлайды! Курсқа тіркелу 2024 жылғы 5-9 тамыз аралығында https://bc.orleu-edu.kz сайтында жүргізіледі. Онлайн курсқа тіркелу үшін https://bc.orleu-edu.kz веб-сайтына өтіп, «Оқуды бастау» батырмасын басып, тіркелу терезесінде 1-5 қадамдарды орындау қажет.
Базалық деңгейдегі онлайн курстарды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ нысаналы мектептердің педагогтері мен нысаналы мектептер жұмысына жетекшілік ететін әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлеріне бастауыш сыныптар, математика, физика, химия, информатика, биология, география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих пәндері бойыншаөткізеді.
Облыс бойынша 37 нысаналы мектептің педагогтеріне сындарлы-әдістемелік көмек көрсетілмек. Күні бүгінде облыс бойынша – 764 педагог тіркелді. Осыған байланысты әр ауданда жауапты әдіскер тағайындалды.
12 тамыздан бастап бастауыш сынып, 19 тамыз күні қоғамдық – гуманитарлық бағыт пәндері педагогтері, 26-27 тамызда жаратылыстану – математика пәндері педагогтеріне курстар басталады.
Оқу курстары тегін өтетінін хабарлай отырып, педагогтерді курстарға тіркелуге шақырамыз!


